Оралда өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған күзетші ұсталды. Қызмет бабын асыра пайдаланған ол “бас қатырмай” бірден байып кетуге тырысыпты. Түнгі ауысымға түскен ол өзіне сеніп тапсырылған кілттердің бірін үйлестіріп, қызметтік бөлмедегі сейфті ашады. Сейфтегі 250 мың теңгені қалтаға басқан күзетші ұрлық жасаған сәтін бейнебақылау камерасы түсіріп тұрғанын ескермепті. Осы айғақтың арқасында ұрының алыстан келмегені анықталды. 41 жастағы азамат айыбын мойындап, ұрлаған ақшасының бір бөлігін кері қайтарыпты.