Иран менің соққымнен кейін келісім жасауға көнді. Жақын арада қол қоямыз. Трамп тағы бір мәлімдеме жасады. Ал, Солтүстік Ирландияда Илон Масктың арандатуымен басталған көтеріліс өрши түсті. Жергілікті жұрт мигранттарды қуу үшін жаппай тәртіпсіздікке көшіп, үйлер мен көшелерді өртей бастап, полициямен қақтығысқа түсті. Албания халқы да өз үкіметі мен Трамптың күйеу баласына қарсы ереуілі осымен 12-і күн жалғасып жатыр. Шартараптағы басты оқиғаларды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Иранға жойқын, бас көтерместей соққы жасағаннан кейін, олар амалсыздан келісім жасауға көнді. Таяу арада оған қол қоямыз. Трамп кезекті рет бейбітшілік туралы мәлімдеме жасады. АҚШ Президентінің айтуынша, Иран аятолласымен де кездеседі. Дегенмен, Ақ үй басшысы байытылған уранды шығарып алу мәселесі туралы сөз қозғамады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бастапқыда бізбен мүлдем келіспейміз деген Иран басмшыларының бірінші легін өлтірдік. Олардың орынбасары билікке келіп, тағы да бізбен келіспейміз деді. Оларды да өлтірдік. Мынау қазіргі биліктегі адамдардың ақылы тасып жатыр деп айта алмаймын. Бірақ, қарапайым нәрсені түсінетін секілді. Менімен келіспеймін деген адамды О дүниеге бірден аттандырып жіберемін. Иран ядролық қарудан бас тартады. Ал, қазіргі билікпен Еуропаның бір елінде келісіп, бейбіт келісімге қол қоямыз. Бұл – өте керемет келісім болады деп ойлаймын.
Илон Маск ақыры дегеніне жетті. Солтүстік Ирландия көшелері нағыз қантөгіс алаңына айналды. Жергілікті халық мигранттардың есіріп кеткенін айтып, наразылық акциясына шықты. Осыған дейін, Сомалиден ауып келген бір топ ер адам жергілікті тұрғынды соққыға жығып, артынша пышақтаған. Десе де, билік, Илон Масктың арандатушы екенін айтып, оған қарсы шара қолдануды қарастырып жатыр.
КИР СТАРМЕР, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бүгін сот болып, күдіктіге айып тағылды. Ол жазадан сытылып кете алмайды. Мен Солтүстік Ирландияның бірінші министрі әрі мемлекеттік хатшысымен де сөйлестім. Мәселен, Илон Маск Ұлыбритания көшелерінде қантөгіс болғанын қалайды. Былтыр күзден бері арам ойын жасырған да емес. Жергілікті халықтың наразылығын түсінемін. Бірақ, біз де бұл шабуылға көніп отыра алмаймыз.
Албания халқы да 12 күн бойы наразылық акциясын тоқтататын емес. Естеріңізге сала кетсек, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер құны 1,5 млрд доллар болатын демалыс кешенінің құрылысын бастамақ.