Өскеменде борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылды

Polisia.kz

Өскеменде "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

9-11 маусым аралығында Өскемен қаласының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және атқарушылық тәртібін арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерді өндіріп алу болды. Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 919 хаттама толтырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 370-тен астам әкімшілік айыппұл өндіріліп, 77 нұсқама орындалды. Сонымен қатар берешегін өтеу қажеттілігі туралы 361 борышкерге ресми хабарлама табысталды. Әкімшілік өндіріп алулардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкерлерге тиесілі 6 автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.