«Ұлттық қор – балаларға»: 58 млн доллар игерілді

Фото: inbusiness.kz

Бүгінге дейін қатысушылар жалпы көлемі шамамен 58 миллион долларды игерген. Бағдарлама 2024 жылдың ақпан айында басталды. Әр балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысынан үлес бөлінеді.

Бағдарламаға басынан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы 370 доллардан асқан.

Айта кетейік, азаматтар өз шоттарын eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және банк сервистері арқылы тексере алады.