Жетісу облысының Талдықорған қаласында үш жасар қызын өлімші етіп сабаған ер адам сотталды.
Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған: дәрменсіз немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау және ұрып-соғу.
"Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Алайда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасағаны ескерілді. Сот үкімімен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", – деп хабарлайды Жетісу облыстық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.