Қазақстанда шомылу маусымы басталды

Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Нені есте сақтау қажет:

— тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз 

— алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеңіз 

— жағадан алысқа жүзіп кетпеңіз 

— балаларды қараусыз қалдырмаңыз 

— бейтаныс жерлерде суға сүңгімеңіз 

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Су жағасындағы демалыстарыңыз қауіпсіз әрі жағымды болсын!