Қытайдағы Азия чемпионатында қазақ спортшылары екі алтын иеленді

ҰОК

 

Триатлоннан Қазақстан құрамасы Сюйчжоу (Қытай) қаласында өткен Азия чемпионатында екі медаль еншіледі.

Екі жүлде де алтын. Тұғырдың бірінші сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас ерекшелігі санатында үздік атанды. «Суперспринт» бағдарламасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 нәтижесімен жетті.

15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта бағындырды.

Бүгін, яғни,  14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.