Халықаралық Олимпиада күні: Астанада жүзуден жарыстар өтті

ҰОК

Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ЮНИСЕФ қолдауымен ұйымдастырған балалар арасындағы жүзу және әртістік жүзу жарыстары өтті.

Күннің ең жарқын оқиғаларының бірі Olympic Art Swim Fest фестивалі болды. Спортшылар Олимпиада ойындарының қатысушылары Александра мен Екатерина Немичтің жетекшілігімен дайындалған әртістік жүзуден әсерлі көрсетілім бағдарламасын ұсынды.

Жас спортшылар Olympic Day аясындағы түрлі белсенділіктерге қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.