Димаш Құдайберген шығармашылық іссапармен Ақтөбеге барып, өзіне арналған ауқымды LEGO-портретті жасаған оқушылармен кездесті. Ол жоба авторларына ризашылығын білдіріп, бес оқушыға лагерьге жолдама сыйлады.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ақтөбеге сапары барысында өзі білім алған №32 гимназия мен Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде де болды.