Нұрбек Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңді

Фото: ҚР Бокс федерациясы

Отандық боксшы Нұрбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта айқасты тоқтатты.