"АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық көз жұмған болуы мүмкін", – СІМ

АҚШ-тың Иллинойс штатында жоғалып кеткен 24 жастағы Әсет Құралбай көз жұмған болуы мүмкін.  Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. Айтуынша, министрлік АҚШ-тың құзырлы органдарынан денесі табылған адамның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы мәлімет алған. Қазіргі сәтте америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚР сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық құқықтық көмекті көрсетуде.