Түркістан облысындағы Шардара ауданында күріш еккен бір топ шаруа ағын суға қолы жетпей жүр

Түркістан облысындағы Шардара ауданында күріш еккен бір топ шаруа ағын суға қолы жетпей жүр. Қоссейіт ауылындағы отызға тарта дихан салы егеміз деп салы суға кетіп тұр. Нағыз су керек шақта тіршілік нәрінен тарығып тұрмыз деп арнамызға арыз айтты. Ауданда су жоқ емес. Бірақ берілмейді. Неге? Себебін өңірлік тілшіміз Айзада Төребекқызы анықтап көрді.

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қоссейіт ауылындағы мына күрішті алқаптар дәл қазір бетінде суы көлкіп жатуы тиіс дейді шаруалар. Алайда, көріп тұрғанымыздай, жағдай мүлдем басқаша. Бойы 15-20 см дейін көтеріліп қалған шақта сусыз тұр. Егіншілікті кәсіп қылғандар егер тағы 4-5 күнге кешігетін болсақ шығынға шат етектен батамыз деп шыр-пыр.

Мейірбек Қуатов 12 гектар жерге күріш дақылын еккен. Оның жартысына екінші қайтара шығындалғанын айтады. Егістігінің маңайындағылар түгел күріш егіп жатқандықтан  көпшілікке ыңғайланып, 5 гектарға күзде егіп қойған бидайы мен жоңышқасын алып тастап, орнына салы егіпті. Айтуынша, ақпанда күріш егуге рұқсат алған көрінеді. Бірақ енді тізімде болмай шықтым деп түсіне алар емес.

МЕЙІРБЕК ҚУАТОВ ШАРУА, ҚОССЕЙІТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Февральдің бас жағында отырғанбыз су басшыларымен рұқсатқа. Рұқсат бар. Сонымен енді жоғарыдан тексеру келген кезде біздікі жоқ екенін сол кезде білдік. Біздікін ортаға қойғызып қойған екен. Өткізбегенда, заңды түрде тіркелмеген. Өткен жолы  бір комиссия Түркістан облысынан келіп еді, екі есе судың бағасын төлесеңдер рұқсат берем, алып берем, еге беріңдер, сендердің жағдайларыңды түсінем деп айтып кетіп еді ол кісілер. Ол кісілер нәтиже бермеді олар.

Ал жыл сайын мақта егіп жүрген шаруа Бауыржан Бөрібеков 25 гектарға биыл амалсыздан күріш егуге мәжбүр болғанын айтады. Өйткені екі бірдей каналдың ортасында орналасқан егістігі ылғи ылғалданып тұрады. Оның үстіне көрші егістіктер де күріш еккендіктен жері суланып кеткенін айтады. Дихандар күрішті алқаптардың шахматты тақта тәріздес орналасуынан ылажсыз салыға ауысқандарын уәж қылуда. 

БАУЫРЖАН БӨРІБЕКОВ, ШАРУА:

Мақта егем деген едім, мақта еге алмадым. Болмайды ешқандай мақта егуге мүмкін емес. Содан кейін күтіп-күтіп амал жоқ кеше 20 май күні күріш ектім. Басқа дақыл еге алмаймын. Егуге мүмкін емес. Шықпайды. Өнім ала алмайсың. Өйткені жер асты су көтеріңкі. Біздің жерге негізі көктемде екпейтін болған күріші. Екпесе онда дұрыс бопты, мен мақта маманымын ғой дедімда мақтамды егіп жүре берем дедімда бірақ бір кезде қарасақ ойбай егетін бопты, рұқсат беріпті 350 гектарға белгілеп қойыпты деді.

БЕГАЛЫ ҚУАТОВ, ШАРУА:

Март айында бізді договорға тұрғызған. Сол договорға тұрып, мақұл договордамыз ғой деп біз конторға бармағанбыз. Көрмегенбіз. Содан кеше «сендер лимитта жоқсыңдар» деп жатыр. Менікі жалпы 39 гектар көршім еккен. Мен зәктеп тұрмын. Екпеске шара жоқ, сосын еккем мен. Пәлен затрат шығардым. Р1-нің бойы күріш болады деген. Сосын біз еккенбіз. Енді бізге лимит бермей жатыр. адамдарға да мен көрсетем сіздерге, шахматный ғып берген.

Шаруалар ауылда түсіндіру жұмысы дұрыс жүргізілмегенін айтады. Болмаса, ерте көктемнен күріш егетіндердің тізіміне тұрғанбыз дейді. Бірақ дақылды егіп, ол қылтиып шығып қойған шақта арықтарды мықтап бекітіп тастады деп пұшайман. Шырылдаған шаруалардың ендігі үміті үкіметте. Ағын су жоқ емес. Шардара су қоймасының өзі биыл мөлшердегіден асып тұрғандықтан өңір басшылары бұл мәселені шешсе дейді.

ЖҰМАХАН ЖАППАРҰЛЫ, ШАРУА:

Лимит жоқ, бірдеңе жоқ деп ана жақты жауып өстіп неғып жатыр. Боп тұрған нәрсеге енді обал ғой. Енді азын аулақ бір еш болмаса 1,5-2 куб па кетер осы каналға да. Соған бәр ішеді бұл жердегілердің, осы жерде 350 гектар жер былай ішеді. Ол жетпесе онан кейін маған келе берсін ол адам.

Қазір өңірде су ресурстары және ириигация министрлігінің мамандары бастаған топ жұмыс істеп жатыр. Қызылқұм магистралдік каналы маңында күріш алқаптарына суды келісім шартсыз алып жатқандарды анықтауда. Сала жауаптылары Шардара ауданында жалпы 3500 гектар жерге ғана күріш егуге рұқсат берілгенін көлденең тартуда. Ал қазіргі шуласып жүргендер рұқсаты жоқ деп қысқа қайырды. 

ТЕМІРЛАН ӘБДІҚҰЛОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күрішке лимит 3500 жүйеде толған. Қазір жүйе бермейді  отыруға. Өйткенні шектеу қойылған ол үшін лимитттен асып кетпесін деп. Бұл жерде өзі шаруа келісім шартсыз алған үшін өз жауапкершілігі өз мойнында. Шаруа келісім шартсыз су алмауы керек еді. Оны бәрі түсініп отыр. Шешетін қандай жолы бар? Шешетін жолы?ондай шешетін жолы мен сізге айта алмаймын. Менің құзыретіме кірмейді.

Айтпақшы, судан сусап тұрғандардың барлығы бірдей келісім шартсыз екпеген. Рұқсаты барлардың өзі суға қолы жетпей тұрғандарын мамандармен бетпе бет кездесу кезінде көрсетілді. Олардың мәселесі бірер күнде шешілетін болды. Ал 200 гектардай алаптағы  салының тағдыры енді үкіметте. Шаруалар бұл мәселе мемлекет басшысының өзі назарға алса деген үмітті.