Инклюзивті театрда жаңа қойылымның премьерасы өтті

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2026

Астанада «Qazaq Inclusive Theatre» инклюзивті театрының «Сен екеуміз» лирикалық комедиясының премьерасы өтті. «KOZIMNIN QARASI» қоғамдық бірлестігі жанынан ашылған театр ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және өнер арқылы өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасап келеді. Спектакль махаббат, достық және адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

БАҚТИЯР ТҰРСЫН, РЕЖИССЕР:

Бұл қойылымның негізгі идеясы, айтар ойы Елімізде белең алып жатқан ажырасу мәселесі. Сол ажырасу мәселесінің алдын алу, тоқтату, отбасын сақтап қалу деген дүниелерді көрермендерге ұғындырады.