Әлем чемпионаты қыза түсті. Төртжылдықтың басты футбол додасы бүкіл әлемдегі жанкүйерлерді күніне 4 ойынмен қуантуда. Азуын айға білеген құрамалар да біртіндеп алаңға шығып жатыр. Нидерланд пен Жапония тартысты ойын 2-2 есебімен тең аяқталды. Швеция Тунисті 5-1 есебімен ойсыратса, Германия 7-1 есебімен Кюрасао құрамасын тас-талқан етті. Мундиальдың алғашқы сенсациясы да өткен демалыс күндері тіркелді. Арда Гюлер, Кемал Йылдыз бастаған Түркия құрамасы ортаңқол Аустралиядан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, Иран құрамасына қатысты дау-дамай да толастамай тұр. Ойыншылардан өзге 15 делегация мүшелері әлі АҚШ аумағына кіруге виза ала алмай жатыр. Естеріңізге сала кетсек, барлық ойын Америкада өтетініне қарамастан, жаттығуды құрама Мексикада өткізуге мәжбүр.
МАХДИ МОХАММЕД НАБИ, ФУТБОЛДАН ИРАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
ФИФА әрі бас хатшысы Джанни Инфантино берген уәделерін орындамады. Олар, құрама мүшелері үшін бар жағдай жасалауын қамтамасыз етуі керек. Басты ұйымдастырушы ФИФА болғандықтан, ұйым АҚШ билігіне талап қоюы керек. Бұған дейінгі мундиальдарда осы принцип сақталды. Біз АҚШ билігінен бұндай қитұрқы әрекеттер болатынын күттік, ярине. Бірақ, ФИФА бізді сатып кетті.