Қостанай облысының Рудный қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
ТЖМ күштері автосатының көмегімен 1986 жылы туған пәтер иесін құтқарып қалды. Қазіргі уақытта оны жедел медициналық жәрдем қызметінің дәрігерлері тексеріп жатыр.
Сондай-ақ баспалдақ алаңы арқылы 11 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.
Өрт толықтай сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.