Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Теректі-Ақсай тас жолының бойында үш көлік соқтығысып, екі әйел қаза тапты. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, 52 жастағы жүргізуші тізгіндеген Тойота Прадо жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа бір көлікке соғылған. Екпінін тежей алмаған Тойота тағы бір джипке соғылып, тас-талқанын шығарған. Соққының ауыр болғаны соншалық, Тойота Прадодағы екі әйел сол жерде жан-тәсілім етті. Ал өзге жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, ем-дом көрсетіліпті.
РҮСТЕМ СМАҒҰЛОВ, БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қозғалысына қатысушыларлың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін маневрлерге жол бермеуге шақырады.