Қайын жұртын асқан қатыгездікпен қырып тастаған соң қандықол күйеу бала бірден Меккеге тартып тұрған

Атырауда қайын жұртын асқан қатыгездікпен қырып тастаған соң қандықол күйеу бала бірден Меккеге тартып тұрған. Бұл туралы  бүгін басты сот талқылауы барасында Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзі айтып берді. Қасиетті жерде құдайдан кешірім сұрап, өз-өзіме қол жұмсағым келді,- деді ол.  Алайда сотталушы төрт бірдей туысын жер жастандырғанына еш өкінбейтінін жеткізді.  Сот залынан тілшіміз баяндайды.

Бүгін сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлив жауапталды. Айтуынша, оның бұл қылмысқа баруына отбасылық өмірлеріне  қайын жұртының шектен тыс араласып, намысына тиюі себеп болған. Жылдар бойы жиналған ашу мен  кек өшпенділікке  әкелді.,- деді Сәрсемәлиев.  Бірақ Судьяның намысқа тиетін қандай сөздер айтылды деген сұрағына жауап бермей қойды.

СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Барлық жағдайды біржақты баға беріп, «халық жауы» деудің ешқандай қисыны жоқ.  Осының барлығына мен ішкі жан дүниемнің арпалысымен бардым.  Түсінемін, артық кеттім.  Олар да сондай нені сұрап алғандай болды маған. Мен барлық қылмысты бірден жасап тастасам, айтар, бір адам жазықсыз кетті ғой деп. Бірақ мен бәріне мүмкіндік бердім ғой. Қояр, біреуі болмаса, біреуі қояр, бірақ төрт адамның да мінез құлқы бірдей екен.

Жауап беру кезінде Сәрсемәлиев қылмысты  жасағанын толық мойындады. Мәйіттерді көміп, қылмыс ізін ешкімнің көмегін бір өзі жасырғанын айтты. «Қайын жұртым әйеліммен ажырастырып, мемлекеттен үй, әлеуметтік көмек  алуды мақсат етті.  Әрі қайын ағам Наурыз үйленіп, немере сыйламаған соң балаларымды әжесінен алғысы келді»,-  деп түсіндірді. Төрт адамды өлтірген соң  Сәрсемәлиев Түркия арқылы  қасиетті Мекке қаласына барған.

СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Шетелге барып өле салайын дедім. Түркияға қашуды шештім. Қашуды емес, шынымды айтайын, құдайдан кешірім сұрағым келді. – Түркиядан кейін қайда бардыңыз? - Мекке қаласына бардым. - Қашан бардыңыз?  - 10ынан кейін. Қылмыс жасағаннан кейін. - 2025 жылдың 10ынан кейін Меккеге бардыңыз.  – Ия, Түркия арқылы.  - Өзіңіз ғой?  - Өзім. Кете бердім, басы ауған жаққа. Өмірден түңіліп кеттім, мүмкін құдайдан кешірім сұрап өлейінші, өлсем де дедім. Мекке қаласында 10 күндей болдым. Сол кезде де өзімді өлтіргім келді. Киелі. Құдай кешірсе кешірер, құдай түсінбесе басқа ешкім түсінбейді бұл ісімді, жайдан жай жасаған жоқпын, осыған дейін әкелді өздері. Олардың да кінәсі бар, жазықсыздан жазықсыз өлтірген жоқпын ғой деген ой келді.

Әйелімен бірге алдымен Ташкентте бой тасалаған  Сәрсемәлиев, ақшасы таусылуға айналып, қымбат қалада өмір сүру қиындаған соң, арзан ел іздеп, Индонезияны таңдаған. Әлеуметтік желіде «Хакер Атырау»  есімімен тіркелген азаматтың   өзін телефонның сим карталары арқылы қайда жүргенін анықтап отырғанын біліп,  кейбірін лақтырып кетіпті. Индонезияның  Сенару ауылында қазақстандық азаматты кездестіріп, 20 мың теңге сұрап алған.  Менде еш аяушылық сезім жоқ, олар өздері итермеледі, тіпті әкесі мен Наурыздың мені ұрмақ болғаны туралы айылған айғақ бар,- деді Сұлтан Сәрсемәлиев.