Екі облыста ондаған жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2026

Елде ондаған жыл бұрын жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды. 1990 және 2000 жылдары Павлодар мен Қарағанды облыстарында болған адам өлтіру деректері анықталды. Ішкі істер министрлігі заманауи технологиямен, дәлірек айтқанда, арнайы молекулалық-генетикалық зертхананың көмегімен биологиялық іздерді қайта зерттеген. Цифрлық шешімдер мен кешенді шаралардың нәтижесінде биыл ондаған аса ауыр қылмыс әшкереленген. Жинақталған бұлтартпас айғақтардан кейін күдіктілер өз кінәларын толық мойындады.

СЕРГЕЙ СТИХЕЕВ, ҚР ІІМ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда.