Қызылордада жас жігіттің екі аяғын аттракцион жаншып жіберген

Қызылордада 18 жастағы жігіттің қос аяғын аттракцион жаншып жіберген. Ол қала орталығындағы паркте оператор болып жұмыс істеген екен. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқасқа күрделі ота жасалғанын айтты.

ЖАСҰЛАН БАЙМАХАНОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Сол жақ сан бөлігінің 3/1 деңгейіндегі ампутациясы, сол аяқтық тобықтың деңгейіндегі ампутациясы. Қазіргі жағдайы өте ауыр ауыр жарақатына байланысты. Қазір реанимаццияда қарқынды емін алып жатыр. Жағдайы ауыр тұрақсыз.

Ауыр жарақат салдарынан жігіт бір сәтте қос аяғынан айырылып мүгедек болып қалды. Қазір ойын-сауық орыны толық жабылып, қызмет көрсету уақытша тоқтатылған. Полиция аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

ӘДІЛ АНАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» дегені бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында болған оқиғаның мән-жайларын жанжақты толық және объективті анықтауға бағыттаған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процесуалдық шешім қабылданатын болады.