Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елдімекені маңынан 2 ірі есірткі алқабы анықталды. Бірінші алқапты тексеру барысында 1090 түп, ал екіншісінен 849 түп қарасора өсімдігі анықталған. Сонымен қатар, оны суару мен күтіп-баптауға арналған арнайы құрал-жабдықтар, ерекше иісі бар шөп салынған бір пакет тәркіленген. Тергеу барысында алынған заттай дәлелдемелерге сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес тәркіленген өсімдіктердің қарасора тұқымдасына жататыны анықталды. Екі іс бойынша 6 күдікті қамауға алынды.
СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, «Қарасора-2026» іс-шарасы басталғалы Қызылорда облысында есірткі қылмысына қатысты 27 құқық бұзушылық дерегі анықталды.