«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2026

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Салтанатты рәсімге екі ұйымның басшылары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Құжат кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғап, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды күшейтуге бағытталмақ. Бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы әріптестікті нығайтып, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға ықпал ететіні рас.

ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Практивті әрі автоматтандырылған сервистер адам факторын азайтып, шешім қабылдаудағы субьективті төмендетеді. Демек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Мұндағы негізгі қағида қарапайым кәсіпкер рәсімдеуге бейімделуі тиіс. Керісінше қызметтер кәсіпкердің қажеттілігіне бейімделуі қажет.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін қол қойылған меморандум осындай өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Меморандум проблемалық мәселелер бойынша жедел ақпарат алмасуға, мемлекеттік процесстерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.