Абай облысы бойынша ҚАЖ ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған затты алып өту әрекетінің алды алынды.
Есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 29 жастағы сотталған жұмыстан оралған кезде мекеме аумағына телефонды аяқ киіміне жасырып алып кіруге тырысты. Алайда, тексеру барысында режимдік бөлімшенің қызметкерлері бұл бұзушылықты уақытылы анықтап, жолын кесті. Сот отырысы барысында сотталған телефонды түнгі уақытта жұбайымен сөйлесу үшін пайдаланғысы келетіндігін түсіндірді.
- Тыйым салынған заттарды алып жүру және сақтау әрекеті жазаны өтеудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу. Жасалған бұзушылық үшін мекеменің түрі өзгертіледі: ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен ол жазаның қалған мерзіміне, 3 жыл 11 айға орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылады, - деп атап өтті режимдік бөлімшенің аға жедел уәкілі Дастан Ізгуттинов.