Есіл өзенінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Фото: Астана қаласының әкімдігі

ТЖМ қызметкерлері Астанадағы Есіл өзенінде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Басты мақсат - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету.

ТЖМ елорда тұрғындары мен қонақтарын су жағасында демалу кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады!