СҚО-да пестицидпен жұмыс істеген механизатор көз жұмды

Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Егістік алқабын химиялық заттармен өңдеу кезінде «Қазақ бидайы» ЖШС-нің 46 жастағы жұмысшысы пестицидтерден уланып, қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Қайғылы оқиға Ленин ауылдық округіне қарасты егіс даласында болған. Механизатор таңертеңнен бастап дақылдарды химиялық өңдеудің үйреншікті жұмыстарына кіріскен. Алайда, түн ортасы ауа цистернаға агрохимикаттар толтырып жатқан сәтте кенеттен есінен танып құлаған.

Әріптестері оны дереу көлікке салып, аудандық ауруханаға жеткізуге тырысқанымен, ол емдеу мекемесіне жетпей, жолда жан тапсырды.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тиісті органдар іске кірісті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аймақтық департаменті жағдайдың мән-жайын тексеруді бастады.Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Тимирязев ауданында тұрғынның қаза болу фактісіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді СҚО Полиция департаменті өкілдері.

Тәртіп сақшылары тергеу амалдарының нәтижесі бойынша түпкілікті заңды процестік шешім қабылданатынын жеткізді.