Үндістанда Telegram уақытша бұғатталды

Фото: pixabay

Үндістан билігі Telegram мессенджерін уақытша бұғаттады. Шектеулер 22 маусымға дейін күшінде болады. Бұған ауқымды деректердің таралып кетуі себеп болған.

Бұған дейін мессенджерде медициналық жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған Ұлттық біліктілік тестінің жауаптары жарияланып кеткен. Соның салдарынан мамыр айында өткізілген емтихан нәтижелері жойылды.

Үндістанның киберқылмысқа қарсы күрес ұлттық орталығының мәліметінше, бірнеше Telegram-арнаның әкімшілері талапкерлерден емтихан тапсырмаларына қол жеткізу үшін жүздеген мың рупий талап еткен.

Енді талапкерлерге тест тапсырмаларын қайта тапсыру мүмкіндігі 21 маусымда беріледі. Бұл жолы билік қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды жөн көрген.

Telegram-ды бұғаттау туралы шешім ақпараттық технологиялар туралы заң негізінде қабылданды.