Алматы облысында 65 адам дәмхана тағамынан ұшынды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2026

Алматы облысында 65 адам дәмхана тағамынан ұшынып, дәрігер көмегіне жүгінді. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың 36-сы ауруханаға жатқызылса, 29 адам амбулаториялық ем алуда. Оқиға Боралдай кентіндегі «Алатау-4» базарында орналасқан Sushi Time дәмханасымен байланысты болуы мүмкін. Мамандардың хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы осы жерден тағам сатып алған. Қазір мекеменің қызметі уақытша тоқтатылып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

ТЕМІРЛАН АЙТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы объектіде зерттеу жүргізуде, зертханалық зерттеулер үшін тамақ өнімдері мен шикізат сынамалары, шайындылар алынды. Қызметкерлерді де тексеру жүргізілуде. Болған жағдайдың себептері туралы мәлімет тексеру аяқталғаннан кейін жасалады.