Шымкентте 13 миллион теңгенің аяқ киім ұрланды

Шымкентте 13 миллион теңгенің аяқ киімі ұрланды. Полицейлер жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ірі көлемдегі тауарды ұрлау дерегінің бетін ашып, қолды болған мүлікті заңды иесіне қайтарды. Тергеу барысында жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын және ішіне 868 қорап аяқ киім тиелген жүк көлігінің белгіленген бағыттан ауытқып кеткені анықталған. Кейіннен көлікке жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде оның ішіндегі тауардың толық емес екені белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде аталған жүк көлігі Шымкент қаласының аумағынан табылды. Көлік ішіндегі тауар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңда белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылды. Осылайша кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық дерек бойынша күдікті азамат анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.