Астанада UNESCO қолдауымен Орталық Азия елдері, Қытай және Оңтүстік Корея өкілдерінің қатысуымен жоғары білім саласындағы өңірлік саяси диалог өтуде. Жиында жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу, жоғары білім сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқылануды. Кездесуде біліктіліктерді өзара тану, академиялық ұтқырлықты дамыту және бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Былтыр Қазақстанға Азия елдерінен 22 мыңға жуық студент келген. Қазір елімізде 5 шетелдік университет пен 22 филиал жұмыс істейді.
МЕЙІРГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, UNESCO ӨҢІРЛІК КЕҢСЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ МАМАНЫ:
Бұл диалог Орталық Азиядағы кваликацияларды, жоғары білім саласындағы кваликацияларды тану бойынша яғни қандай жұмыстар атқарылуы керек. Ынтымақтастық мәселелері кваликацияларды тану бірыңғай білім беру кеңістігін ары қарай кеңейту деген сияқты мәселелер бойынша осы диалог өтіп жатыр.