Күміс тостағандағы тарихи таңбалар оқылады. 1970 жылы Алтын адамның қасынан табылған жәдігердің 26 таңбалы жазуы бар. Ғылымға «Есік жазуы» деген атаумен енген бұл белгілерді отандық және бірқатар шетелдік ғалымдар зерттеп көрді. Олардың қатарында Еркін Дінахмет те бар. Зерттеуші күміс тостаған Алтын адамның құжаты секілді көрінді әрі ол арқылы бұйымды кім жасағанын, қайда жасағанын білуге болады,- дейді.
ЕРКІН ДІНАХМЕТ, «АҚЖАТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Күміс тостағанда екі теңіз суреттелген. Біреуі Арал теңізі, біреуі Каспий теңізі. Бұрынғы аттарымен аталған. Сосын күміс тостағанда кітаптың белгісі бар. Ол тормен жабылған. Жазылмаған кітап. Біздің ұран насихат кітабымыздың болғандығын білдіреді.