«Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи кешендердің аумақтары тазартылды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2026

Ал әулие ата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи кешендердің аумақтары тазартылып жатыр. Мәселен 100-ге жуық тараздық жастар «Тектұрмас» тарихи ескерткіші аумағында 17 гектор жерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты. «Тәртіп – тазалықтан басталады» деген белсенділер көлік жолдарының бойында тасталған қоқыстарды жинады. Эко шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жауынгерлері және де Жастар ресурстық орталықтарының жастары өздерінің үлестерін қосуда. Тазалыққа жаны құмар жастар жол жиегінде пластик ыдыстар мен цалофан, шыны құтыларының шашылып жатқанын көріп күрсінді. Сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарына айналаны ластамай, табиғатқа қоқыс тастамай өз елінің патриоты болуға шақырады. Күннің ыстығына қарамай қоршаған ортаны қоқыстан тазартып жүргеніміз өзгелерге үлгі болса екен дейді. Осылайша тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Бүгін жамбылдық жастардың күшімен жалпы 5 тоннаға жуық қоқыс жиналыпты. Ал жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 400-ге жуық тазалық іс-шарасы өтіп, оған 23 мыңнан аса адам қатысқан.

АЙБЕК ҚАДЫРАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде арнайы «Әулиеата жауқарлары» тарихи экспедициясы жобасы бар. Тарихи экспедиция жобасы аясында біз арнайы ең бірінші «Таза Қазақстан» экологиялық акция асында аудандағы, ауылдық жерлердегі тарихи ескеркіштердің барлық маңайын аудандық, ауылдық жастар тазалауда. Осы облыстағы 50 ге жуық тарихи ескерткіштерге арнайы тазалау жұмыстарын жүргіздік.