Астанада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыс басталды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімдігінің мәліметінше, 16 маусымнан бастап қаланың орталық бөлігінде жаппай өңдеу басталды. Кейін масаларды шеткі аудандарға қуып, олардың қайта таралуына жол бермеу шаралары жүргізіледі. Маусым басталғалы бері елорданың 26 мың гектар аумағы өңделген.

Жұмыс түнгі уақытта, сағат 21:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүргізіледі. Әр кезең 20 күнге созылады.