Атырауда 65 жылдық тарихы бар мектеп интернат жабылып, 60-тан астам қызметкер жұмыссыз қалды

Атырауда  65 жылдық тарихы бар мектеп-интернат жабылып,  60-тан астам қызметкер жұмыссыз қалды. Хабарды естігелі еңбек демалысындағы білім ошағының ұстаздарынан маза қашқан. Дәл осындай туберкулезден  оқшаулайтын балабақша  да жабылғалы тұр. Үйдегі жұқпалы ауру ошағынан ұл-қызына қорғап жүрген ата-ана да уайым астында қалды.

Мына “Ақбота” шипажай типті балабақша ғимаратында екі бірдей білім ошағы жұмыс істейді. Бірі  - балабақша, екіншісі ғимараты күрделі жөндеуге жіберілген мектеп-интернат. Екеуі  де туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адаммен бірге тұратын балаларды оқшаулап һәм оқытуға арналған. Ғимарат ғана емес, дау да -  ортақ. Екеуі де жабылмақ. Енесі дертті болып, 5 бірдей баласын жұқпалы аурудан оқшаулаған Айкөркем Амангелдиева  мектепке дейінгі білім ордасының жай балабақшаға айналуына қарсымыз,- дейді. 

АЙКӨРКЕМ АМАНГЕЛДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екеуі мектепте, 3еуі садикте. Садикке ақылы болады есе көнерміз оған. Ал 3  баламды бірдей әкелгенде маған қиын болып кетеді. Ата-аналар ретінде келіп отырмыз,  жағдайымызды айтайын деп жабылмаса екен, мектеп пен интернат, садик бірге  болғанын қалаймыз. Бір әкелесің, сосын бір алып кетесің. +Былайғы мектепке апарғымыз келсе де апара алмаймыз, өйткені  контактный , бала дәрі ішеді. Өкпесі ауыратындардың арасында болған.  Қорқады адамдар араласуға.

АЙМАН ҚҰМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жыл сайын шу болып тұр ғо. Енді биыл садиктегі балалар да, интернат түгелімен жабылады  деп отыр. Садик мемлекеттік болады  дейді. Санаторияға екі ай бара алады. Енді ары қарай білмеймін, балаларымызды қайда апаратынымызды. Мектеп  бәрібір қабылдамайды контактный болғасын. Бәрібір естиді ғой бәрібір ертең шулайды, мынаның мамасы ауырады.

Бірақ білім басқармасы ғимаратқа байланысты шешімді қабылдап қойған. Зерделеу барысында  330 орындық бақшада 107 бала тәрбиеленіп отырғаны белгілі болыпты.  Сондытқан  экономикалық жағынан  шипажай емес, мемлекеттік бақша болған тиімді,- дейді жауаптылар. Ал  ата-анасы туберкулезге шалдыққан балалардың  орналастыру жағы әлі белгісіз.

ГҮЛСІМ ГИЛМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Сондықтан, біріншіден, қаржының тиімді жұмсалуына, сондай-ақ балаларды қамту мәселесіне, екіншіден осы балабашаны  біз санаториядық үлгіден, жай балабақшаға ауыстыруды қарастырудамыз. Егер ата-ана қалдырамын десе осы балабақшаға қалады. Егер ата-ана жоқ біз өзіміз үйден қараймыз немесе  денсаулық сақтау басқарасына қарасты  мекемеге апарамыз десе өз еркі.+  Бүкіл баланың тізімін денсаулық сақтау басқармасына жолдадық. Балалардың осы диагноздары бойынша анықтап беру жөнінде.

Ал күрделі жөндеуге байланысты көшірілген 9 сыныптық мектеп-интернаттың ғимараты енді өздеріне қайтарылмайды. Ол қаладағы №45 мектепке берілетін болды. Оған да себеп  мектеп-интернатта бала санының аздығы екен.  Биылғы оқу жылында 21 бала ғана қалған.   70-ке тарта қызметкер жұмыссыздар қатарына қосылды.  Көбі зейнет жасына жақындағандар. Тұрақты жұмыс табатындарына күмәнді.

ЖҰМАГҮЛ НҰРСҰЛТАН, ОБЛЫСТЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ  МҰҒАЛІМІ:

Облыстық білім басқармасының  күрделі жөндеу біткеннен  кейін қайтадан орналасасыңдар немесе бала санына байланысты басқа орын тауып беріледі,  жұмыстарыңыз ешқандай жабылмайды, жалғасады  деген уәде берілген. Кейінгі уақытта, былтыр да осы әңгіме айтылды. Бірақ жабылған жоқ. Жқмыс жалғасты. Биыл  мынадай жағдай болып тұр. Бізге ең қиыны бүкіл ұжым жұмыссыз қалайын деп тұр. Хабарлама алғаннан  кейін ұйқымыз жоқ ,күлкіміз жоқ. Ауыр жағдаймен келіп тұрмыз. 

АЙГҮЛ АМАНИЯЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ  МҰҒАЛІМІ:

Ата-ана жағдайды көп түсінбейді . Контактныйдың қандай жағдайда бала  оқшаулану керкк  екенін. Сондықтан кейбір ата-аналар мектеп интернатқа бергісі келмейді.  Сондықтан да бала саны бізде азайып тұрғандығы  сондықтан. Осы күнге дейін мектебіміз бар деп жүрдік.  Арқа сүйедік.  Енді бізде арқай сүйетн ештеңе де жоқ. Зданиеміз жоқ, баламыз жоқ.  Қалған баланы таратыңдар деп іштегі медбикелерге. Олардың жан айқайы былай: біз контактасы бітпеген баланы  қалай шығарамыз, әлі контактасы бар.

Аймақта туберкулезбен аурушаңдық азайды. 21 бала үшін  педагогикалық ұжымды ұстап тұру тиімсіз деп шешім шығарған білім басқармасындағылар. 

АҚЫЛБЕК МЫРЗАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНАТОРИЯЛЫҚ МЕКТЕП -ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫ:

Бала саны азайды.  Атырау қаласы 14 бала, қалғаны ауданнан. 60-70 бала болды едйді. Сол балалар қайда кетті десем, мекеме көшкеннен кейін жағдай жоқ болған соң үйіне алып кетті дейді. Ал дұрысында  жалпы оқшауланып, жанұясында  ауыратын адамдары бар жанүя  балалары уақытша оқшаулану керек заңдылығы бойынша.+ Ата  -ананың өзі еркінде баланы әкеліп жатқыза ма, жатқызбай ма бұл өздері біледі деп.  21 бала мектепке орналастырады.

Ал ұстаздар мен ата-аналар  болса қарапайым мектепте  балаларды шеттете ме деп қорқып отыр.  Денсаулық жағдайлары жақсарғанша балабақшаны да, мектеп-интернатты да жаппауды сұрайды.