Шымкентте кала күні қарсаңында бірқатар нысан пайдалануға берілді

Шымкентте бүгін бірнеше нысан ел игілігіне берілді. Мұның барлығы қала күніне арналған тарту. Текесу тұрғын алабының халқы жаңа мәдениет үйіне қол жеткізсе, Астана шағын ауданының жұртшылығы гүлдер аллеясының ашылуына куә болды.

Жаңа мәдениет үйі жергілікті тұрғындар көптен күткен әлеуметтік нысанның бірі. Жобаның жүзеге асуы қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың және қала әкімінің халықпен кездесуі барысында берген тапсырмаларының нәтижесі болып отыр.

300 шаршы метрлік ғимарат демеуші есебінен салынды. Құрылыс небәрі 65 күнде аяқталған. Әсіресе жергілікті халық қатты қуанып отыр. Мәдениет үйінде вокал, хореография, сәндік-қолданбалы өнер үйірмелерін ашу, сондай-ақ, оқу залын ұйымдастыру және басқа да мәдени-ағартушылық бағыттарды дамыту жоспарлануда.

ҚАЛИПА ЕСҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мінекей осы жерден осындай музыкалық үйірмелер ашылса, шахмат үйірмесі ашылып балалар ойнап жатыр екен. Немерелерім соның барлығына қатысып, өнерлі болса деймін.

Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Астана шағынауданында орналасқан жаңа Гүлдер аллеясының ашылу рәсіміне де қатысты. Жаңа нысан қалалық ортаны абаттандыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы кезекті маңызды жобалардың бірі болып отыр. Гүлдер аллеясының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Бұл жерле 55 гүл сататын павильон орналасқан.

ЕРМЕК ТҰРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ -ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өздеріңіз білесіздер, қалада гүл сатумен айналысатын кәсіпкерлер өте көп. Әрқайсысы әр жерде шоғырланған. Барлығы бір жерде шоғырланып, бір жерде сатқандықтан олар да бәсекеге қабілетті болады. Және олар халық тұтынатын кезде олар біледі қайда бару керек екенін, қай жерде көп ассортименттер бар болады.

Қала әкімі Shymkent City шағынауданындағы жаңа саябақтың ашылу рәсіміне де қатысты. Аумағы 4,2 гектарды құрайды. Мұнда тұрғындардың серуендеп, қауіпсіз демалуына барлық жағдай жасалған. Отбасымен уақытты тиімді өткізуге болады. Тіпті мерекелік, спорттық шараларға да арналған нысандар бар.  Саябақта өңірдің климаттық жағдайына бейімделген шынар, үйеңкі, шаған, катальпа, қарағайжәнебасқа да ағаш түрлері егілген.  «QazaqEli» іргелі барельефі саябақтың басты ерекшелігі болмақ. Бір сөзбен айтқанда, бұл нысан Шымкенттің заманауи, жасыл әрі өмір сүруге қолайлы мегаполис ретінде жүйелі дамып келе жатқанын тағы бір рет дәлелдеді.