Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға сотталды

Фото: medicalbusinesschool.com

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Есірткі қылмысымен айналысқан топтың заңсыз әрекеті өткен жылдың мамыр айында тоқтатылған. Жедел іс-шаралар барысында көлік полицейлері бірнеше адамның Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында есірткі саудасын ұйымдастырмақ болғанын анықтады. Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде олардың қылмыстық жоспары жүзеге аспады.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Тергеу барысында топ мүшелерінің әрқайсысына белгілі бір міндет жүктелгені анықталды. Бірі курьер болса, енді бірі бүкіл жұмысты үйлестіріп отырған. Ірі көлемдегі есірткі арнайы жасырын орын ретінде жабдықталған гараждарда сақталған.