Мемлекеттік қызметкерлерді енді мектеп қабырғасынан бастап дайындайды

Енді мемлекеттік қызметке дайындық мектеп қабырғасынан басталады. Оқушыларға мемлекеттік басқарудың қыр-сырын ерте жастан үйрету бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектер үшін конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігі ашылған. Қазірдің өзінде Президенттік жастар кадр резервіне өткен 450 азамат мемлекеттік сектор мен волонтерлікте белсенді қызмет етуде.

ӘБДІХАҚАР СЛАМҚҰЛ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ:

Қазіргі таңда 800-ден астам жас маман осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа тұрды. Егер университетті бітірген түлектің GPA көрсеткіші 3,30-дан жоғары болса, ол ауылдық және аудандық деңгейдегі төменгі әкімшілік лауазымдарға конкурссыз қабылданады. Бұл жастардың мемлекеттік қызметке келуін жеңілдетті деген сөз.