Алматыда ескі тұрғын үйлер жаңартылуда

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2026

Алматыда ескі үйлер жаңартылып жатыр. Қабырғасы қақырап, іргесі сөгілуге шақ тұрған баспаналар жаңа кейіпке енген. Тұрғын үйлердің қасбеті ғана емес, кіреберісі, балалар алаңы, тіпті инженерлік желілер де қайта жөнделуде. Әйкерім Есенгелді сөз алады.  

Қазір қалада 9 мың 600-ге жуық ескі үй бар. Соңғы 5 жылда оның 1300-ден астамы жаңа кейіпке енді. Бұл іске жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылып жатыр. Олар тұрғын үйлердің қасбетін жаңартып, шатырын ауыстырып, кіреберісін ретке келтірген. Балалардың қауіпсіздігі үшін аулаларды қоршап, абаттандруда. Тіпті, инженерлік желілерді де ауыстырып қойған.  

ІЛИЯС КАРБОЗОВ, «SABA GROUP KZ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз мұны көрші ретінде тату қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасап жатырмыз. Жақында осы маңайға бизнес орталықтың құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Тұрғындарға барынша қолайсыздық туғызбау үшін кіреберісті,  инженерлік жүйелерді және өрт қауіпсіздігі жүйелерін жаңартуды қолға алдық.

Мұндай жұмыстар қазір Бостандық ауданындағы бірнеше тұрғын үйде жүріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін аулада бейберекет көрініс, автотұрақ мәселесі болған. Қазір аумақты абаттандыру, тұрақ орындарын реттеу және кеңістіктерді жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

ВАНДА ҚАЗАНЦЕВА, ПИК ТӨРАЙЫМЫ:

Балалар алаңы жаңартылады, асфальт төселеді. Қоңырау мен бейнебақылау орнатылды. Жеделсатылар камерамен жабдықталды. Бұған дейін бізде мұндай мүмкіндіктер болмаған

ОЛЕГ РАМНЕНОГ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Иә, автотұрақ пен қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай жақсарды. Аумақ қоршалды, тоспа орнатылды. Қазір көлік қою қиын емес. Инфрақұрылым дамып, біз де зардап шекпей, керісінше игілігін көруіміз керек.

Қаладағы өмір сапасы - жаңа ғимараттардың санымен емес, адамдар өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінетін ортаның қалыптасуымен өлшенеді. Сондықтан есі үйлерді жаңғырту ісіне жеке серіктестіктердің жұмылуы, қаладан құрылыс салатын кез келген компания осылай әлеуметтік жауапкершілікті қоса алып жүргені өте құптарлық іс. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаспақ.