Алматыда дала өркениетін зерттеу консорциумы құрылды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2026

Алматыда «Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: ортақ мүдделер мен ерекшеліктер» атты халықаралық форум өтті. Қазақстан және Қырғызстан ұлттық ғылым академиялары арасында Дала өркениетін зерттеу жөніндегі Халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қойды. Жиында екі елдің ғалымдары ғылыми дипломатияны дамыту мен ортақ тарихи мұраны зерттеу мәселелерін талқылады. Жоба аясында бірлескен зерттеулер жүргізіліп, археологиялық экспедициялар ұйымдастырылады және жас ғалымдардың академиялық алмасуы дамытылмақ. Сарапшылар бұл бастама өңірдегі ғылыми интеграцияны жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

ЖЕҢІСБЕК ТӨЛЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҰҒА БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ҒЫЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ұлттық ғылым академиясы қазіргі уақытта Дала өркениетін зерттеу бағыты бойынша  Орталық Еуразия кеңістігінде үлкен консорциумды қолға алып жатырмыз. Ол консорциумға 9 мемлекет кіреді. Мақсаты Ұлы Дала өркениетін ортақ бірігіп зерттеу. Оның ішінде Түркі қағанатынан бастап, Алтын Орда өркениетін ортақ зерттеу.