Виктор Друзин жүлдегер атанды

ҰОК

Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды. Оның өнерін төрешілер 235.4583 ұпаймен бағалады.

Алтын медальді Ранджуо Томблин иеленді — 249.2033 ұпай. Екінші орынды Муе Го алды — 245.6576 ұпай.