Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан 13-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Бүгін Қазақстан Ұлттық командасының спортшысы Дмитрий Патанин еркін жаттығудың финалында бақ сынады. Ол 13.700 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.

 

Жүлдегерлер:

​ 1-орын – Карлос Юло – 14.700 ұпай

2-орын – Сема Цукияма – 14.600

3-орын – К. Джунир Юло – 14.300

​Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер командасының өкілі Артём Ковалёв кермедегі жаттығулар финалында жүлдеге таласты. Спортшымыз 11.266 ұпаймен 8-сатыға тұрақтады.

Биылғы құрлық додасының маңызы зор, өйткені бұл жарыс 2026 жылы Нагояда (Жапония) өтетін ХХ Азия ойындарына іріктеу мен дайындықтың басты кезеңдерінің бірі саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты 28 маусымда мәресіне жетеді.