Астанада тағы бір көше уақытша жабылды

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары аясында тағы бір көшеде жол қозғалысы уақытша шектеледі.

Елордада орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмысы жоспарланған.

Осыған байланысты 20-21 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.