Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде отбасының тірегі, шаңырақтың қамқоршысы болған ардақты әкелердің мерекесі аталып өтеді.
2022 жылы 14 желтоқсанда өткен VII республикалық әкелер форумында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісін «Әкелер күні» деп белгілеу ұсынылды. 2023 жылы 31 мамырда ҚР Үкіметінің №426 қаулысымен жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі «Әкелер күні», ал мамырдың екінші жексенбісі «Аналар күні» ретінде белгіленді.