Экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде жүзеге асырылады деп жоспарланған инвестициялық жобалар талқыланды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға және инвесторларға экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды жедел іске асыру, инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту, ұлттық парктің халықаралық туристік тартымдылығын арттыру және барлық жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.