Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санжар Тәшкенбай алтын медаль алды2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай финалда Азия чемпионы, өзіне жақсы таныс Асилбек Жалиловпен (Өзбекстан) жұдырықтасты.
Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен Санжар Тәшкенбайды жеңімпаз деп таныды.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал. Мартин Молина Сальвадор — 5:0
¼ финал. Анваржан Ходжиев — 5:0