Қостанай облысы ПД қызметкері Қазақстан полициясы күні қарсаңында ішкі істер органдарының ардагері Сатыбалды Насыровпен кездесті.
Ол өз мамандығына келу жолы, қызметінің алғашқы жылдары және сол кездегі жұмыс жағдайлары туралы айтып берді. Ардагердің айтуынша, ол уақытта қызмет үлкен табандылықты талап етті: қызметтік көлік, техникалық құралдар және жанармай-жағармай материалдары жеткіліксіз болды, көптеген міндеттер күрделі жағдайларда атқарылатын. Сатыбалды Насыров сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ішкі істер органдары жүйесінде үлкен өзгерістер болғанын атап өтті. Бүгінде полиция заманауи техникамен, қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген, материалдық-техникалық база жаңартылған, киім үлгісі жаңарған және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері күшейтілген. Сұхбат соңында ардагер жас қызметкерлерге адал қызмет етіп, Антқа берік болып, ішкі істер органдарының дәстүрін лайықты жалғастыруды тіледі. Оның өмір жолы мен көпжылдық тәжірибесі құқық қорғау органдарының жас буыны үшін үлгі болып қала береді.