Ақмола облысында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Жолда «Kia», «Toyota Fortuner» және «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктері соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, қос тайота көлігі бірден өртеніп кеткен. Тілсіз жауды өртсөндірушілер жарты сағат ішінде ауыздықтапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
АЗАМАТ БАЙГАЗИН, ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апаттың барлық жағдайлары белгілену үстінде. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолдарда өте мұқият болуға шақырады.