Елордада пойыз бен автобус соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы теміржол өткелінде болған. Полиция мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі өткелден өту кезінде келе жатқан локомотивке жол бермеген. Соққы салдарынан автобус инерциямен жеңіл автокөлікке соғылған. Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шекпеді. Қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қазақстан темір жолы» өкілдерінің айтуынша, бұл өткел күзетілмейді және компанияның инфрақұрылымына кірмейді.
АСТАНА ҚАЛАСЫ, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.