«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын толық аяқтады

«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын толық аяқтады. Енді барлық филиалда төрағалар мен басшылық органдарды сайлау рәсімі өткізіліп, бастауыш партия ұйымдарын құру жұмыстары басталады. Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған.