Конституция – ғылым дамуының кепілі

Бұрын білім алу құқығы тек әлеуметтік міндеттеме ретінде қарастырылды. Енді ол – ел дамуының драйвері. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру және ғалымдардың мәртебесін көтеру мәселесі тікелей Ата Заңмен қорғалды. Әрі конституция шетелге кетіп жатқан жас таланттарды тоқтатудың және отандық ғылымға инвестиция тартудың құқықтық қалқаны болмақ.

КӘРІМБЕК ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:  

Мысалы, біз Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде  мен бірінші рет мына жаңа конституцияда арнайы бап беріліп, ғылым, білім, инновация еліміздің даму стратегиясының басты бағыты деп көрсетілді. Бұған дейін жоқ-тұғын. Бұған дейін Ұлттық ғылым академиямыз да қоғамдық бірлестік болып, көп бірлестіктің қатарында жүретін. Мемлекет басшысы келе салысымен біздің академияға мемлекеттік мәртебе беріп, президент жанындағы ұлттық ғылым академиясы деп жалпы еліміздің даму бағытын айқындайтын осы ҰҒА-сы деді.

Әлемдік нарықта шикізат бағасы құбылғанымен, технология мен инновацияның құны тек өсіп келеді. Ғылымның Конституциялық мәртебесі - ғалымдардың ойлап тапқан өнімін нарыққа шығаруға, патенттерін қорғауға және соның игілігін бүкіл қоғам болып көруге жол ашпақ. Біз бұған дейін ғылымға тек бюджеттің ақшасын жұмсайтын шығын саласы ретінде қарап келдік. Ал Конституциялық жаңару бұл парадигманы түбегейлі өзгертеді.

АБАЙ БАЙКЕНЖИН, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» АҚ-НЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Енді ғылым - ел экономикасына тікелей табыс әкелетін, жаңа жұмыс орындарын құратын дербес индустрияға айналады. Бұл нормалар бізге не береді? Біріншіден, ғылыми жобалардың өндіріспен тікелей байланысын заңдастырады. Екіншіден, жеке инвесторлардың ғылымға ақша салуына салықтық және құқықтық кепілдіктер береді. Яғни, білім мен ғылым Преамбулада тұрса, демек мемлекет «біз білімге негізделген экономика құрамыз» деп инвесторларға белгі беріп отыр. Бұл - интеллектуалды капиталды капитализациялаудың басы.