Димаштың «AQERKE» әні Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Фото: dimashnews.com

Жаңа композиция Льеж қаласы AFM Radio радиостанциясының эфирінде шырқалды.

Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан алғаш рет қойылуы емес. Dears жанкүйерлерінің көпжылдық белсенді қолдауының арқасында Бельгияның түрлі радиостанцияларында әншінің 60-тан астам туындысы тыңдарманға жол тартқан.