Бурабайда Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу енгізілді

Фото: "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" ММ

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы 20 маусым күні сағат 07:00-ден бастап Көкшетау тауына бару уақытша шектелетінін хабарлады.

Бұл ұлттық парк аумағындағы өрт қаупінің жоғары деңгейіне байланысты енгізіліп отыр. Уақытша шектеу ықтимал өрт ошақтарының алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған.

 «Бурабай» МҰТП курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ұлттық парктің баламалы туристік орындарына басымдық беруді сұрайды. Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет, - делінген хабарламада.